Мектепке дейінгі тәрбиешілер мен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған сабақтастық бойынша бірыңғай ашық есік күні
Мектепке дейінгі тәрбиешілер мен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған сабақтастық бойынша бірыңғай ашық есік күні – бұл балабақшалар мен мектептер арасындағы оқу-тәрбие үдерісіндегі сабақтастық мәселелерін талқылау және тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылатын шара. Дәл осындай күн 24 қыркүйекте «Волошинка орта мектебі» КММ-де өтіп, тәрбиешілер заманауи шындықты ескере отырып, мектептегі білім беру жүйесінің ерекшеліктерімен танысты. Балалардың мектепке интеллектуалдық, психологиялық және әлеуметтік-тұлғалық дайындығы мәселелері талқыланды.