«Блокада наны» - Ұлы Отан соғысы жылдарында қаланы қоршаудан аман өткен ленинградтықтардың батылдығы мен қайсарлығының символы. 1942 жылдың қаңтарында блокада нанының мөлшері жұмысшылар үшін 250 грамм, басқа тұрғындар үшін 125 грамм болды.

Естелік ретінде сақталған осындай бір үзім нан сол бір сұмдық күндерді еске түсіріп, адам өмірі мен бостандығы үшін кез келген қиындықты жеңе алатынын еске түсіреді.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Жеңіске 100 күн» жоспарын жүзеге асыру аясында «Волошинка орта мектебі» КММ-нде «Блокада наны» акциясы өтті. Бұл акцияның мақсаты: Ұлы Отан соғысының батырларына деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу, патриоттық тәрбиені дамыту, ұрпақ тәжірибесін түсіну және талдау, жанашырлық пен жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру.
10-сынып оқушысы Кира Карабельникова өз қолымен тоқаш жасап, 9-сынып оқушылары Злата Павлик пен Әлихан Темірболатов ауылымыздың «Соғыс балаларына» үлестірді. Шара «Біздің есімізде!» ұранымен өтті. Біз мақтанамыз! Бұл акция арқылы біз балаларымыздың аналитикалық қабілеттерін танытуға, өмірдің құндылығын, үлкен қасіреттің жанашыры туралы ойлануға және ой елегінен өткізуге, халқымыздың қайсарлығы мен ержүректілігін мақтан етуге тырыстық.